Шерзат әкесінің үйі өртенуіне байланысты тергеу тоқтады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
— Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсетуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды, — делінген прокуратура жауабында.
Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмды.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылды.
Биыл маусым айында Ішкі істер министрі марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеу фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтқан еді.
Осы жылдың 17 маусымында Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды.