Шерзат сотында танылған прокурордың шені өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру жөніндегі қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға бірінші сыныпты заңгер (әділет капитаны) шені берілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығына сәйкес, ол «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, бұған дейін Дана Сәрсенбай кәсібилігі және соттарда мемлекеттік айыптау позициясын жоғары деңгейде қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік айыптаушысы деп танылған болатын.
Еске салайық, 2024 жылы Талғар қаласындағы төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болды.
Бұл іс бойынша өткен сотта прокурор Дана Сәрсенбай 7-23 жыл арасында жаза сұрады.
Кейін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 айыпталушы сот үкімі шықты.