Шетел көшбасшылары Қазақстан Президентін алғашқы Құрылтай сайлауымен құттықтап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтай сайлауының өтуіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай құттықтады. 

Айта кетелік Гурбангулы Бердімұхамедов Тоқаевты Құрылтай сайлауымен құттықтаған еді