Гурбангулы Бердімұхамедов Тоқаевты Құрылтай сайлауымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, бұл уақиғаның еліміз үшін тарихи мәні зор екенін атап өтті.

Президент түрікмен халқының Ұлт көшбасшысына жылы лебізі және Түрікменстан байқаушыларының сайлау үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов достық әрі стратегиялық серіктестік рухындағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді.

Сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса мән берілді.

Айта кетелік Пашинян Тоқаевты Құрылтай сайлауымен құттықтаған еді