Шетелдік азамат шекарадан 304 мың доллар алып өтпек болған - ҰҚҚ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекетін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«304 мың АҚШ долларын құрайтын валютаны автомобильдің жүксалғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетелдік азамат ұсталды. Материалдар құзыреті бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді», - деп жазды ҰҚҚ баспасөз қызметінен.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ақша қаражатын әкету (он мың АҚШ долларынан астам) және оларды декларациялау кезінде заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.