Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай

Коллаж: Kazinform/ Canva

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 517,67 теңге, сату - 519,64 теңге;

- еуро: сатып алу - 604,96 теңге, сату - 609,65 теңге;

- рубль 6,38 - 6,51 теңге аралығында саудаланады.

- юань 72,95 - 75,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 514,61 теңгеден сатып алынады, 521,61 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 600,71 теңге, сату - 610,73 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,50 теңге;

- юань 72,95 теңгеден сатып алынады, 77,10 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 19 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды.