«Шығын – 2 млрд теңге»: «Хоргоста» 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды.
Фото: ҰҚК
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.
Фото: ҰҚК
«Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.