«Қар ерісе су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су айдындарында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Құтқарушылар үйлерді аралап, су тасқыны туындаған жағдайда орындалуы қажет ережелер мен нұсқауларды халыққа түсіндіріп жатыр», - делінген ақпаратта.
Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға Семей қаласынан келген №68303 әскери бөлімінің қызметшілері көмек көрсетуде. Жағдай күрделене түссе жргілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құрылымдарынан 2 270 адам, 732 техника, 61 жүзу құралы мен 234 мотопомпа сақадай сай тұр.
Жергілікті атқарушы органдар жалпы сыйымдылығы 17 мың адамнан асатын 153 эвакуациялық пунктіні әзірледі.
Айта кетейік, бұған дейін ШҚО мектептерінде аз қамтылған балаларға екі есе аз нан беріліп отырғанын жазған едік.