ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында қар жауды. Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда қар жауғаны жайлы фото, видео тарап жатыр.
Соған орай Kazinform тілшісі «Қазгидромед» РМК-ның облыстық филиалының басшысы Ләззат Болатханға хабарласты.
«Иә, қар жауғаны рас. Нақты айтқанда, Риддер қаласына, Тарбағатай, Катонқарай мен Марқакөл аудандарына қар түсті. Бірақ бұл таңғаларлық жайт емес. Кейбіреулер сәуірде қар жауыпты деп жатқанымен, бұл аудандар үшін қалыпты дүние. Себебі таулы аймақ болғаннан кейін жыл сайын күн суытқан осы кезеңде қар түседі», - деді ол.
Алдағы 2-3 күнде бұл жерлерге тағы да қар жаууы ықтимал.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.