ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Алтай ауданындағы Зайчиха шатқалының маңында болған.
«Екі адам Малеев көпірі маңындағы шағын өзенде қайықпен жүзіп жүрген. Кенет қайық аударылып, олар құлап кетті. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары мұны байқап, дереу көмекке ұмтылды. Азаматтарды судан шығарып, жағаға жеткізді», - делінген ақпаратта.
59 және 56 жастағы ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осы ретте ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарына қайыққа отырғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, барынша абай болу қажеттігін жеткізді.