ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Парыгино ауылында аяз -53 градусқа дейін жетті.
15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендесе, 16 қаңтарда таңертең -53 градусқа жеткен.
Ал түске қарай ауа температурасы -48-ді құраған. Ауылдық округ әкімі Ғани Төлеков ауыл тұрғындарының мұндай ауа райы жағдайларына жақсы дайындалғанын атап өтті.
Еске салсақ, осыған дейін Петропавлда үйден шығып кеткен зейнеткер әйел аязда үсік шалып, мерт болғаны хабарланған.
Ботакөз Кенжеханқызы
2018 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2017 жылы Ұлан аудандық «Көктау нұры» газетінде бастады. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газеті мен Buqara.kz сайтында тілші, Amanzholov University баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.