Шымкентте Жайлау шағынауданында Toyota автокөлігінде болған белгісіз тұлғалардың ауаға оқ атқаны туралы полицияға хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басын анықтады.
– Қоғамдық тәртіп пен заңнама талаптарын бұзу дерегі бойынша азаматқа әкімшілік материалдар толтырылып, іс мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды, – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаменті.
Сот шешімімен құқық бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Сонымен қатар 8 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Бұған дейін 20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылғаны туралы хабарлаған едік.