Көктемнің басталуына әлі бір апта бар. Дегенмен, Оңтүстікте табиғат ояна бастады. Алғашқы бәйшешектің бүр жаруын фотограф Тимур Байғұлов Шымкент дендросабағында суретке түсіріп алған.
— Бәріңе сәлем, қараңдаршы қандай әдемі! Ақпан айында Шымкентте бәйшешек пайда болды. Мен қазір дендросаябақтамын, түсірілім жасаймын, - деген Тимур Байғұлов видеосын желіге жүктеп, көпшілікпен бөлісті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп, сарышұнақтар інінен шыға бастағанын жазған болатынбыз.
«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында гүлдеген бәйшешекті табиғат қорғаушылар суретке түсіріп алған. Ал, табиғат жанашырлары бұл қалыпты құбылыс деген баға беріп отыр.