Шымкентте биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді.

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2 770, 2 410 және 2 095 грамм болды. Бұл – отбасындағы тұңғыш сәбилер. 

Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты. 

Фото: Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы

Биылғы алғашқы үшем мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды. 

Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.

Бұған дейін 56 жастағы Шымкент тұрғыны баласына бір бүйрегін бергенін жазған болатынбыз.