56 жастағы Шымкент тұрғыны баласына бір бүйрегін берді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Мегаполис дәрігерлері 230-шы бүйрек трансплантациясын жасады. 

ота жасалды
Фото: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 230-шы бүйрек трансплантациясы өтті. 1969 жылғы азамат донор болып, 23 жастағы баласына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. 

- Бүйрегі алмастырылған рецепиент 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болып келген. 
Алдағы уақытта жас жігіт қалыпты өміріне қайта оралады, - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға берушілер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар