Шымкентте бүлінген жол көліктерге зақым келтірді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте Шұбаркөл көшесінде жол жабыны шөгіп, көлік қозғалысына қауіп төндірді.

Фото: Бауыржан Ахметжанның жеке архивінен

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, Шымкентте жолдың ортасындағы ойыққа көліктер түсіп, зақымданған. Жүргізушілер жолда қауіпті жағдай туындағанын айтып, ешқандай ескерту белгілері қойылмағанына шағымданды. 

Бұдан бұрын Шымкентте жолдың қақ ортасында асфальт опырылып, суға толған терең шұңқыр пайда болғанын жазған едік.