Ведомство мәліметінше, тексеру барысында мобильдік топпен сотталғандардың сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.
— Тексеру қорытындысымен 192 сотталған әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 138 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қалалық прокуратура қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде, — делінген Шымкент қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін полиция формасымен тікелей эфирге шыққан шымкенттік тиктокер жауапқа тартылғанын жазған едік.