Оқиға орнына жедел жеткен алғашқы өртке қарсы қызмет бөлімшелері өртті сөндіру мен конструкцияларды салқындату үшін 2 жауынгерлік оқпанмен су атты.
— Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Газ-ауа қоспасының соққысы салдарынан жақын маңдағы жеке үйдің терезелері зақымданды, — деп хабарлады қалалық ТЖД.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші өрт күшейгенге дейін автокөлік салонынан өз бетінше шығып үлгерген.
Бұдан бұрын Шымкентте газ үшін артық есептелген 80,9 млн теңге тұтынушыларға қайтарылғанын жазған едік.