Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады

Фото: Polisia.kz

ШЫМКЕНТ.KAZINFORM - Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы күресті қарқынды түрде жалғастырып жатыр. Тұрақты жұмыс барысында қалалық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады.

Тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны «жеңіл табыс» табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырушы ретінде әрекет еткені анықталды. Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданылған.

Белгісіз тұлғадан түскен қоңырауға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылған жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Екінші жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Жалпы келтірілген шығын 40 миллион теңгеден асады.

Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

- Белгісіз тұлғалардың айтуымен ақша аудармаңыздар, - деді полициядан.

Айта кетейік, несиелерді «есептен шығарамыз» деп уәде берген алаяқтарға сот үкімі шықты.

Әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін.

Алаяқтарға алданып, баспанасын сатқан 49 адамның екеуі ғана істі сотқа жеткізе алған.