Бейнежазбада оқиғаның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болғаны айтылған. Сондай-ақ кадрларда полиция қызметкерлерінің келгені көрінеді.
Жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, 1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапқан.
– Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ полиция ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.
Бұған дейін Шымкентте ер адам 16 қабаттан құлап көз жұмғанын хабарлаған едік.