ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Lada Priora көлігі жол үстінде өртке оранды.
Оқиға Ж.Адырбеков көшесінде болды. Көліктің маторы орналасқан аймақтан шыққан өрт, бірден жайылып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер бірден жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізді.
«Зардап шегушілер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Көлік иелерінен өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, электр сымдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыруды сұраймыз» - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.