Шымкентте маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: ҰОК

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қазіргі таңда Шымкентте маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ел біріншілігінде жүлделер бірнеше дисциплина бойынша сарапқа салынады.

Атап айтқанда, бағдарламаға ерлер мен әйелдер арасындағы кросс-кантри марафон (XCM), олимпиадалық кросс-кантри (XCO) және эстафета (XCR) жарыстары енгізілген.

Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 6 сәуірде аяқталады. 

Еске салсақ, бұған дейін велотректен Азия чемпионатында Қазақстан 11 медаль еншілегенін жазған едік.