Шымкентте ойын клубын тонаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

28 жастағы шымкенттік тұрғын ойын клубына ұтылған ақшасын тонау арқылы қайтармақ болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: видеодан алынды

Күдікті мекеме қызметкерін пышақпен қорқытып, сейфтегі 4 миллион теңгені алып кеткен. Ер адамның әрекеті сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында қолға түсірді.

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 192 бабымен тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін ер адам 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып қалған. Содан материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтырмақ болған. Қазір 28 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.