«Есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. 10 кг жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Алматыда синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы анықталғанын жазған болатынбыз,