Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамға көмекке келді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Оқиға 11 мамыр күні кешке  Гагарин көшесінде болған. Бұл жерді Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімнің бірінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері патрульдеп жүрген еді.

Фото: Ұлттық ұлан

— Сол кезде көшеде ауырып, өңі бұзылған адамды байқадық және жағдайын білу үшін оған жақындадық. Әңгіме барысында ер адам құлап, есінен тана бастады. Біз бірден 103-ке қоңырау шалдық, содан кейін дәрігерлерді күтпей, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістік, — дейді әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Бексұлат Асанов.

Фото: Ұлттық ұлан

10 минуттан кейін жедел жәрдем көлігі оқиға орнына келді.

Келген дәрігерлер қала тұрғынын дереу ауруханаға жеткізді.

Құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында адам өмірі құтқарылды.

«Ұлттық ұланның әскери қызметшілері төтенше жағдайларда азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын, өйткені олар үшін адам өмірі — бәрінен маңызды» деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен.