Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде электр сымдары қысқа тұйықталып, шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: pavon.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ.

- ТЖМ жаңа жылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді,- делінген хабарламада.

Астанада 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылғаны туралы хабарладық.