Шымкентте жасөспірімдер құрамалары әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласында 11-23 мамыр аралығында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді.

Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Азия мен Тынық мұхит аймағының 16 үздік құрамасы әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. 

Жарыс кестесі:

  • 11-16 мамыр: Junior Billie Jean King Cup (қыздар);
  • 18-23 мамыр: Junior Davis Cup (бозбалалар).

Алғашқы аптада Junior Billie Jean King Cup аясында 16 құрама сынға түседі: Аустралия, Қытай, Қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Мальдив, Филиппин, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд және Өзбекстан.

Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан қыздар құрамасы Гонконг, Жапония және Таиландпен бір топқа түсті.

Ел намысын Каролина Лигай, Тамина Сәкен, Мәриям Нұржан қорғайды.

Топтық кезеңнің алғашқы матчтары бүгін басталды. 

Бозбалалар арасында Junior Davis Cup аясындағы іріктеу сатысының топтар құрамы мен ойындар кестесі кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.

Рим мастерс турнирінде Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды

Елена Рыбакина биылғы маусымда бірегей көрсеткішке қол жеткізді.