Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Абай ауданына қарасты «Асар-2» шағын ауданында болды. Жол бойында тұрған «Ваз-2114» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы, 11 жеке құрам қызметкері және апаттар медициналық орталығының бригадасы жұмылдырылды.
«Өрт сағат 23:47-де оқшауланып, сағат 23:59-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.