ШЫМКЕНТ.KAZINFORM – Шымкентте ЖБО камералары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry байқады. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары шұғыл жетті. Бұл туралы Polisis.kz сайты жазды.
Анықталғандай, жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін нөміріне дейін айна-қатесіз көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды.
«Құқық бұзушы тек көлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ» - делінген ақпаратта.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)