КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Аршалы ауданына су тасқынына қарсы күрес бойынша көмекке келді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде Аршалы ауданында су тасқынының қаупі бар.
«Биылғы жылғы наурыздың 28-де қалыптасқан жағдайға байланысты 40 құтқарушы, 5 техника, 15 мотопомпа және 1 жүзу құралы бар Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары Аршалы ауданына көмекке келді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Аршалы ауданының бес ауылында судан қауіп барын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.