Роза (Розетта) Айтматова — мемлекет және қоғам қайраткері Төреқұл Айтматовтың қызы, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы.
Ол Қырғызстанның білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, физика-математика ғылымдарының кандидаты болған. Сондай-ақ «Әйелдерге көмек көрсету орталығын» басқарып, әйелдердің құқықтарын қорғауға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға белсене атсалысқан.
Роза Айтматова мәдениет пен ағарту саласына қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.
Еске сала кетейік, белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова Қырғызстан үкіметіне жазушының 2028 жылы жоспарланған 100 жылдығын тойламауды сұрап, өтініш жолдаған болатын.
Өтініштің себебі — интернетте және қоғамда қайтыс болған жазушының атына қатысты теріс ақпараттардың таралуы.