АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдегі су тасқыны жағдайына байланысты ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) елдері Әділет министрлерінің 11-ші отырысы онлайн режимде өтеді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
«Бейнеконференцияға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның Әділет министрлері қатысады. Бұл формат құқықтық саладағы маңызды мәселелерді талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.
Айта кетейік, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар Астанаға келді.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.