Бүгін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті өтеді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Сәлден кейін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті басталады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетейік, 30 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.

Кеше Президент ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына барды.

Сонымен қоса бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бұдан бөлек Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады.