ШЫҰ: Мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM — ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Ақорда

«Президент орталығында өткенбейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, „Достық жолы“ хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған», — делінген хабарламада. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.