ШЫҰ саммиті: Астанадан Тяньцзинге дейін

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25-саммитін өткізеді. Бұл саммит тарихындағы ең ауқымды жиын болмақ. Бір жыл бұрын ШЫҰ саммиті Астанада өткен болатын.

Фото: Ақорда

Маңызды құжаттар пакеті

Былтыр шілде айында Қазақстанда ШЫҰ-ның «Көпжақты диалогты нығайту — орнықты бейбітшілік пен өркендеуге ұмтылыс» атты 24-ші саммиті өтті. Кезек бойынша Қазақстан төрағалық еткен кезеңде түрлі саланы қамтитын 140-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Фото: Ақорда

Сол жылдың қорытындысы ретінде «Астана декларациясы» қабылданып, 25 құжаттан тұратын қомақты пакетке қол қойылды. Қорытынды құжатта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Алматы қаласында БҰҰ Өңірлік орталығын, ШЫҰ Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін және инвестициялық қор құру туралы ұсыныстары көрініс тапты.

ШЫҰ құрамы қалай кеңейді?

Астана саммитінде Беларусь Республикасы ұйымға толыққанды мүше ретінде ресми қабылданды. Осылайша ШЫҰ құрамы 10 мемлекетке дейін өсті.

«ШЫҰ » форматы

Астанадағы ШЫҰ саммитінің тағы бір тарихи оқиғасы — БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш, осы кездесуге шақырылған бірқатар мемлекет басшылары мен өңірлік халықаралық ұйымдардың басшылары алғаш рет «ШЫҰ » форматында кездесті.

Фото: Ақорда

Тяньцзинь саммиті

ШЫҰ-ның 25-саммиті 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.

Төрағалық кезегін алған Қытай ШЫҰ аясында 100-ден астам кездесу мен іс-шара өткізді.

Фото: Синьхуа

Мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин басқарады.
ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь «ШЫҰ » форматы биыл да жалғасатынын айтады.

— «Тяньцзинь» декларациясы мен «ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдау саммиттің басты оқиғалары болады. Бұл құжаттар осыған дейін министрлер деңгейінде мақұлданған. Саммит бағдарламасында Си Цзиньпин ұйымға мүше елдердің басшыларын арнайы қабылдап, екіжақты кездесулер өткізеді, — деген болатын Лю Бинь.

Жалпы ШЫҰ саммитіне биыл 20-дан астам елдің басшылары қатыспақ.

Фото: Синьхуа

Айта кету керек, кеше Президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды.