«Ауданы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, ірі сауда орталықтары, барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандары, яғни көп адам жиналатын нысандар терактіден қорғауды қажет ететін ғимарт ретінде саналады. Осы нысандардың барлығын қосымша тексереміз. Бұрын тексеріліп, тиісті нұсқау берілген болса, сол нысандарда бақылау жұмыстарын атқарамыз», - деді И. Лепеха Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол шетелдіктер үшін дактилоскопиялық тексеру енгізудің кейбір нәтижелері туралы баяндады.
«1 қаңтардан бастап елге келетін шетелдіктердің міндетті дактилоскопиясын енгізгенімізді білесіздер. Бұл талап қазір жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері елімізге өтпек болған 10 қылмыскерді анықтадық», - деді министрдің орынбасары.