Бұл ресурстар бойынша ақпарат уәкілетті органға, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау үшін жіберілді.
«Кейінгі уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралуда. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың ата-анасы мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырады», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша балаларды суицид жасауға итермелеген себептерді және оған қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
«Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауына ықпал ететін бірнеше себеп болуы мүмкін. Бұл жалғыздық сезімі, қиын материалдық жағдай, ата-аналарымен немесе туыстарымен жанжалдасу, оқудағы ұрыстар, ата-анасының ажырасуы, жақын адамының қайтыс болуы, жазаланудан қорқу. Суицид жасаудың нақты себебі тек тергеу нәтижесімен ғана белгілі болады», - деді спикер.