Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, бұдан былай батырманы басқан сәтте полицияға шағым жолдау терезесі ашылады.
Енді кез келген құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы, балаға қатысты оқыс оқиға немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуы жөнінде бір ғана батырманы басу арқылы қоңыраусыз және полиция бөліміне бармай-ақ хабарлауға болады.
Полиция хабарламаны жедел қабылдап, бірден әрекетке көшеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін алдағы уақытта елордада жол ережесін Sergek дрондар бақылайтынын жазған едік.