«Қазіргі таңда 2 адам қамауға алынды. Қыздардың әжесі мен өгей нағашы атасын айтып отырмын. Бүгінде қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр. Қыздар медициналық мекемеге жатқызылды. Менің ойымша, олардың жағдайы жаман емес», - деді ІІМ өкілі.
Игорь Лепеха зәбір көрген қыздарға Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл барып, жағдайын білгенін айтты.
«Бұл іс бойынша тағы мәселелер бар. Оларды біз қызметкерлерімізге қойып жатырмыз. Қазір тексеріс жүруде. Онда анықталған кейбір деректер бар. Әзірше, бұл жағдайға түсінік бергім келмейді», - деді Игорь Лепеха.
Бұған дейін өгей әкесі зорлаған 3 жасар егіз қыздың біріне ота жасалғаны хабарланған еді.
Оның алдында Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталған еді.