Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, қоғамдық қозғалыстардың, саяси партиялардың және этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, барлық деңгейдегі депуттар қатысты.
Б. Сапарбаев халықты облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму қорытындысы жөнінде ақпараттандырып, 2013 жылға арналған міндеттерді атады.
Өткен жылы атқарылған жұмысты сараптай келе, облыс әкімі 2012 жылы экономиканың өсімі 7 пайызды құрағанын айтты. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық. 3 жыл ішінде Индустрияландыру картасына 195,4 млрд. теңгеге 28 инвестициялық жоба енді, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
«Ағымдағы жылы 15 млрд. теңгеден астам сомаға 4 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Сапарбаев.
Бүгін Өскеменде және бұған дейін Семейде өткен бірнеше сағатқа созылған кездесу барысында 150-ден астам сұрақ қойылды.