ШҚО Ішкі істер департаменті ҚазАқпарат тілшісіне Парыгино ауылының 21 жастағы тұрғынын өлтіру фактісін растады, қазір тергеу амалдары басталған.
6 сәуірдегі ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Зырян аудандық ішкі істер бөлімінде жатыр.
Полиция адам өлтірді деген күдікпен 1996 жылғы және кәмелетке толмаған 2001 жылғы екі азаматты ұстады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес, қылмыстық іс бойынша қосымша ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.