Тәртіп сақшылары жедел тінту барысында күдіктінің үйінің аумағынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталарын аңғарған.
Сонымен қатар шыны банка мен кептірілген өсімдік салынған қап, металл табақшалар мен ыдыс-аяқ табылды.
Бұдан бөлек өсімдіктер салынған кептіргіш машина тәркіленді.
— Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екенін анықтады. Психотроптық заттың салмағы 4 келіні құрады. Бұған қоса, сарапшылар 1,2 келіні құрайтын каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасын анықтады. Аталған фактілер бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Kazinform тілшісі Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқановпен сұхбаттасып, есірткіге тәуелді науқастар санының артуына не себеп екенін анықтап көрді.