ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы 27 млн теңгеден астам қаражат тұтынушыларға қайтарып берілді. Кәсіпкерлердің азаматтар құқығын шектеуі 2023 жылмен салыстырғанда біршама өскен.
- Бір жыл ішінде сатып алған тауарын қайтару, ауыстыру бойынша облыс тұрғындарынан 920 өтініш келіп түсті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 75%-ға көп. Негізінен тұрғындардың бөлшек пен электрондық саудаға және коммуналдық қызметке көңілі толмайды, - деді департамент басшысы Асхат Сағидолдин.
Былтыр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тым қымбаттатудың 180 фактісі анықталды. Департамент мамандарының араласуынан кейін дәнді дақылдардың, жұмыртқаның бағасы төмендетілді.
Сондай-ақ 23 сот тұтынушылардың тарапына шешіліп, оларға 20 млн теңге қайтарылды.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстанда картоп тапшылығы жоқтығы жайлы жазғанбыз.