ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында айыппұл төлемей жүрген көлік иелерінен 10,54 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8-16 ақпан аралығында өңір бойынша «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Мұндағы мақсат – заң бұзып, әкімшілік айыппұл төлемей жүргендердің борышын өндіру.
«Шара барысында арнайы мобильді топтар құрылды. 3 күн ішінде 400-ге жуық рейд өткізіліп, 10 540 000 теңге мөлшеріндегі 984 әкімшілік айыппұл өндірілді. Сондай-ақ 8 автокөлік арнайы тұраққа қойылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.