ШҚО-да біреудің көлігін айдап кеткен 19 жастағы қыз бағанаға соғылды
14:42, 27 Сәуір 2022
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында бөтеннің көлігін айдап кеткен қыз бағанаға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.
«19 жастағы қыз танысының үйіне қонаққа барған. 28 жастағы ер адамның «Тойота» маркалы көлігін айдап кеткен ол Центральная және Юбилейная көшелерінің қиылысында бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта бойжеткенге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да контрабандалық қарудың 65 дана оптикалық көздеуіші тәркіленгенін хабарлаған едік.