ШҚО-да боран салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар ауданда боран салдарынан екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда күшті желге және боранға байланысты кейбір аудандардағы екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болды.

«Риддер, Курчатов қалаларында, Көкпекті, Тарбағатай, Жарма аудандарында 0-11 сыныптар мектепке бармайды. Ал Күршім ауданында 0-4 сынып аралығындағы оқушылар онлайн оқиды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек , осыған дейін Шығыс Қазақстанда боранға байланысты бірқатар республикалық маңыздағы жол жабылғандығы хабарланған.