Боран: Шығыс Қазақстанда бірқатар жол жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар республикалық маңыздағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боран: Шығыс Қазақстанда бірқатар жол жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірдегі бірқатар жол жабылды.

«Республикалық маңызы бар «Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолында, Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығында және «Қалбатау-Ұлан» тасжолында көліктің барлық түрлеріне қатынауға тыйым салынған. Сондай-ақ Герасимовка ауылы мен Семей қаласы арасындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне және жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ШҚО-да қатты жел салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылардың мектепке бармайтындығы хабарланған.