ШҚО-да екі апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында тұратын 26 жастағы қыз 19 тамыз күні жоғалып кеткен.

Сол күні қыздың анасы полицияға қоңырау шалды.

Белгілі болғандай, ол Мирный кентіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда қызды дереу табу мүмкін болмады.

- 3 қыркүйек күні жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.