ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы азамат Жарма ауданынан табылды.
«Қазір республика бойынша кең ауқымды «Учаске» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарының бірін тексеру кезінде 2 ай бойы іздеуде болған ер адамды тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Анықталғандай, телефонын жоғалтып алған ол өзін туған-туыстарының іздестіріп жатқандығын да білмеген. Қазіргі уақытта ер адам туыстарының үйіне жеткізілді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.