Оқиға орнына келіп жеткен ТЖМ қызметкерлері 1966 және 1975 жылы туған екі адамды құтқарды.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖД қазір мұз өте әлсіз екенін, тәуекелге бармай, құтқарушылардың ақыл-кеңесіне немқұрайлы қарамауды өтінеді.
«Көктем мезгілінде мұз аса қауіпті болады. Кез келген уақытта жарылып жағадан алыстап кетуі мүмкін, ал оның еру процесі мұздың беріктігін төмендетеді. Балықшылар ережелерді мұқият ұстануы керек», - дейді Самар ауданы ТЖБ бастығы Әсет Сейілқұмаров.